Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

NYT: Ақ үй алысқа ұшатын ATACMS зымыранын Украинаға беру мәселесін талқылап жатыр

KAZAKBOL.COM

Ақ үй алысқа ұшатын ATACMS зымыранын Украинаға беру мәселесін жабық талқылап жатыр. Бұл туралы New York Times Американың екі, Еуропаның бір шенеунігіне сілтеп хабарлады.

Басылым сөйлескен шенеуніктердің сөзіне қарағанда, әңгіме резервте тұрған «жер-жер» класындағы басқармалы бірнеше зымыранды Украинаға беру мәселесі туралы болып отыр.

Пентагонның уәжіне қарағанда, дәл қазір Украинаға алысқа ұшатын зымыранның керегі жоқ. Оның үстіне ATACMS арсеналы да көп емес, қолда бар зымыраны Корей түбегінде тұр. «Оларды Украинаға беретін болса, онда өзге «ыстық нүктедегі» қауіпсіздікке қатер төнуі мүмкін» деп жазады басылым.

300 шақырымға дейін ұшатын зымыраны бар ATACMS кешеніне Киевтің қызығып жүргеніне біршама уақыт болған. Киев осы зымыранмен алыста тұрған Ресей әскери бөлімдеріне соққы беруге мүмкіндік туады деп санайды. Оның ішінде Ресей аннексиялап алған, қазір шабуылдаушы дрондар базасына айналған Қырым да бар деп жазады басылым.

Бұған дейін Вашингтон ATACMS зымыранын беруден үзілді-кесілді бас тартып келген. Украина онымен Ресей жерін атқылап, жанжалды одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін деген қаупін білдірген.

Биыл мамырда Ұлыбритания Украинаға алысқа ұшатын Storm Shadow зымыранын берген. Оны Украина Луганск бағытында пайдаланып, майдан шебінен 100 шақырым жердегі нысананы атқан. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі хабарлаған.

Кеше Вильнюстегі саммитте НАТО мүшесі Франция Украинаға алысқа ұшатын SCALP зымыран кешенін беруге уәде еткен. Ресми мәліметке қарағанда SCALP 250 шақырымға дейін жетеді, бірақ модификациясына байланысты 500 шақырымға да жетіп қалуы мүмкін (халықаралық келісімшартта алысқа ұшатын мұндай зымыранды беруге тыйым салынған). Reuters мәліметтеріне қарағанда Франция уәде берген зымырандардың бір бөлігі қазірдің өзінде Украинада тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM