Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Нью-Йоркте теракт жасаған өзбекстандық Сайфулло Саипов сегіз өлім жазасына кесілді

KAZAKBOL.COM

2017 жылы Нью-Йорк орталығында теракт жасаған өзбекстандық Сайфулло Саипов сегіз өлім жазасына кесіліп, 260 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігі 17 мамырда хабарлады.

2017 жылғы 31 қазанда Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында болған шабуылдан сегіз адам опат болып, 12 адам жараланған. Саипов сотта жасаған ісіне өкінбейтінін, адамды «мейлінше көбірек өлтіргісі» келгенін мәлімдеген.

2010 жылы АҚШ-қа көшкен 35 жастағы Сайфулло Саиповқа 28 түрлі айып тағылған. Қамауға алынғаннан кейін ол теракт жасауға «Ислам мемлекетінің» видеоролигі шабыттандырғанын айтқан.

Сот кісі өлтіру қылмысына қатысты айыптардың бәріне ең ауыр жазасы белгіледі.

Сайфулло Саипов 1988 жылғы 8 ақпанда Ташкентте туған. 2010 жылы 21 жасында Green Card ұтып алып, АҚШ-қа көшкен, бірнеше штатта тұрған. АҚШ-тағы таныстары оны ислам радикалы емес, қаржы қиыншылығын көрген кекшіл жас жігіт деп сипаттаған.

Саиповтың Ташкенттегі туыстарының айтуынша, ол аса діндар болмаған. АҚШ-қа қоныс аударғанға дейін Саипов Ташкент қаржы институтында оқыған, «Саехат» қонақ үйінде бухгалтер болып істеген.

Сайфулло Саипов Өзбекстанда қылмыстық жауапқа тартылмаған, құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM