Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Оқ-дәрінің иісін иіскеді»: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас толысымы алғашқы атыстарын жүргізді

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе, Атырау және Бейнеу гарнизондарының 200-ден астам әскери қызметшілері алғашқы жауынгерлік атыстарын өткізіп, «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілер жолағын бағындырды.

 

Атыс жаттығулары жас толысымдағы сарбаздрдың даярлық үрдісінің шешуші кезеңдерінің бірі болып табылады. Әскерилер бұл іс-шараны «оқ-дәрінің иісін сезуі» деп те айтады.

— Жас толысым сарбаздарының алғашқы әскери дайындығы бірнеше кезеңнен тұрады және 24 күнге созылады. Осы уақытта сарбаздар тактикалық, атыс, дене шынықтыру және атыс дайындығы сияқты пәндердің негізгі түсініктерімен танысады. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылар саптық жаттығу элементтерін, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын және жалпы әскери ережелерді меңгереді, — дейді жас сарбаздар взводының командирі лейтенант Ғазиз Ерсейітов.

Бірінші ату нәтижелері бойынша ең жақсы нәтижені 100-ден 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Ермек Мұханалин көрсетті.

— Мен командирлерімнің барлық нұсқауларын орындадым. Келесіде мен өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз жауынгерлік дайындықтың негіздерін қызығушылықпен үйреніп, ант беруге дайындалып жатырмыз. Біздің аймақтан келген жігіттердің көпшілігінде Отанға қызмет етуге деген үлкен ықылас бар деп ойлаймын», — дейді жас сарбаз.

Атыс жаттығуларынан кейін әскери қызметшілер қалыптасып қалған әскери салт бойынша «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілер жолағынан өтті.

Жас толысым сарбаздары Қарулы Күштер қатарына келген алғашқы күннен бастап әскери істі үйренуді бастап кетеді.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM