Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оңтүстік Корея билігі бұрынғы президент Пак Кын Хеге рақымшылық жасайды

KAZAKBOL.COM

Оңтүстік Корея билігі жаңа жыл қарсаңында бұрынғы президент Пак Кын Хеге рақымшылық береді. Бұл туралы Yonhap үкімет мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Жемқорлық айыбымен 20 жылға сотталған 69 жастағы Пак Кын Хенің денсаулығы нашарлаған. Биыл ол арқасының созылмалы ауруына байланысты үш мәрте ауруханаға түскен.

Пак Кын Хенің қамаудан босап шығуы 2022 жылы наурызда өтетін президент сайлауының барысына әсер етуі мүмкін. Бұрынғы президентті Тэгу және Солтүстік Кенсан провинцияларының халқы қолдайды. Оппозициядағы халық партиясы осы өңірлердегі сайлаушылардың сеніміне кірген.

Пак Кын Хе — 1979 жылы жасалған шабуылдан қаза тапқан бұрынғы президент Пак Чон Хидің қызы. Ол кедей аграрлы елді әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына шығарды. 1998 жылы Кын Хе парламентке сайланды, ал 2012 жылы Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел президент атанды.

2016 жылы оған мемлекет құпиясын жариялады, жемқорлық жасады деген айыптар тағылды. Халық наразылы күшейген тұста парламент Кын Хеге импичмент жариялап, 2017 жылы ол ұсталды.

2018 жылғы сәуірде сот Пак Кын Хені 24 жылға соттады. Биыл қаңтарда Жоғарғы сот оның түрме жазасын 20 жылға ауыстырды.

1980 жылдан бері Оңтүстік Корея президенті қызметін атқарған сегіз саясаткердің төртеуі сотталды, үшеуінің туыстары түрмеге түсті, біреуі өз-өзіне қол жұмсады, тағы біреуі өмірлік түрме жазасына кесіліп, кейін рақымшылық алды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM