Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да денесінде сау тамтығы қалмаған әйел асылған күйі табылды(видео)

KAZAKBOL.COM

Марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалды.

ОҚО-да екі баланың анасы өлі табылды, — деп хабарлайды  Отырар TV.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны 3 жыл бұрын үйленген жарын аямай соққыға жығып, өлтірген. Бұл мәлімдемені марқұм келіншектің туыстары айтып отыр. Олардың айтуынша, бес уақыт намаз оқыған отағасы жат ағымға кіріп кеткен.

Сұмдықты көрген Жұлдыз Мауленқұлованың туыстары қызымыз қиналып өлген деп отыр. Сөйтіп денені сараптамадан қайтадан өткізіп, күйеу балаларының сорақы әрекетін сотта дәлелдемек. Үнемі жұбайының тепкісінің астында қалатын келіншек төркініне талай барып, көмек те сұрапты. Осы жылдың қаңтар айында әйелге белгісіз азаматша хабарласып, өзін күйеуінің көңілдесімін деп таныстырған. Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екенін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның өлі денесі қорадан табылған.

Иззатай Мәуленқұлова, марқұмеың анасы: «Қызымды асылап өлді деп жалған айтып отыр. Ұрып өлтірген. Буындырған. Сүйреген, арқасын осып-осып жіберген. Қызым қайтыс болар күні хабарласып, күйеуімнің ойнасы хабарласты деді. «Үйден кет» деп қорқытып жатыр дейді. Кейін өлгені туралы хабар келді. Күйеу балам бес уақыт намаз оқиды. Ол «уахабист». Сондықтан осындай қылыққа барып отыр.»
Ал марқұмның күйеуінің жақындары бұл айыппен келіспейді. Туыстары марқұм келіншектің өзі дарға асылып қалғанын алға тартып отыр. Ал қайғылы оқиға болған күні хабарласқан күйеуінің ашынасының болуын кез келген еркекке тән әдеп деп санайды.

Маулиддин Мухиддинов, күдіктінің туысы: «Менің інім ешкімді өлтірмеді. Әйелі өзі асылып қалған. Мұны көршілер де растап бере алады. Ал ашынасы болуы кез келген еркекке тән қылық шығар? Көңілдесі бар екен деп әйелдердің барлығы асылып қала берсе не болмақ?»
ОҚО ІІД берген мәліметі бойынша әйелін өлтірді деген азамат қамауға алынған. Қазір бұл оқиға бойынша екі баппен қылмысты іс тіркелген. Ал марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалды. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені екіден асқан, екіншісі бір жасар. Қазір бүлдіршіндер Жұлдыздың жақындарының қамқорлығында.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM