Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ОҚО-да екі депутат төбелесіп, бірінің миы шайқалды (фото)

KAZAKBOL.COM

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында қос депутат төбелесіп қалып, ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының халық қалаулылары боксшы Головкиннен «кем түсер емес». Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары Өтепбай Маткәрімов пен Айтбек Меңлібеков жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласып кетті.

Бұл оқиға 17 наурыз күні орын алған.

Кейбір дереккөздерге сенсек, төбелес әкімдік ғимаратында болған. Қазіргі таңда қос депутат та ауруханада жатыр. Оның бірінің миы шайқалса, екіншісінің жүрегі ақау беріп, медициналық көмек қабылдап жатыр.

Миы шайқалған депутат Айтбай Меңлібеков. Фото әлеуметтік желіден алынды.

Бір қызығы, олардың бірі бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, қазіргі таңда аудандық мәслихаттың хатшысы. Бұл оқиғадан соң қос бірдей депутат құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.

NUR.KZ тілшісі екі депутатқа да хабарласқанымен, олармен сөйлесу мүмкін болмады.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың күз айында Оңтүстік Қазақстан облысында тура осыған ұқсас оқиға орын алған болатын. Ол кезде кәсіпкер аудан әкімін бөтелкемен ұрып, шекесін жарып жіберген.

Бұл оқиғадан соң төбелестің куәгері болған облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев лауазымынан төмендеп қалса, аудан әкімі қызметінен кетті.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM