Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік белсенді қала шенеуніктерінің ақыл-есі кем деп атады

KAZAKBOL.COM

Скриншот «Азаттық» басылымының видеосынан алынды

Қоғамдық талқылауда шенеуніктің бұйрығымен залдан қуылған тұрғын қаладағы кейбір  басшылар мен депутаттардың ақыл-есі кем деп есептейді.

Бұл туралы тұрғын Абулдаев NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісіне айтып берді.

Шымкентте жылу тарифінің көтерілуіне қатысты өткен қоғамдық талқылауда шенеуніктің бұйыруымен залдан қуылған жас тұрғын Сүйін Абулдаев мемлекеттік қызметкердің үстінен шағымданбайтынын айтты.

«Мен мінберге шығып пікір білдірмес бұрын-ақ залдан шығатынымды айтқанмын. Олар жылу тарифін 27 пайызға (109 теңгеден 139 теңгеге) қымбаттамыз деп халықты  үгіттеп отыр. Бұл деген халықты ашық тонау ғой. Ол жерде 200-300 адам отыр, «тарифті көтереміз» десе, қол шапалақтайды… Халыққа қапа болдым» деп әңгімесін бастаған тұрғын мінберге шыққан сәтте шағын ғана залға адамды толтырып, бүкіл халықтың атынан шешім шығарудың бұрыстығын, бұл мәселені барша халық болып талқылау қажеттігін айтқанын жеткізді.«Еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы жалақысы ең төмен әрі жұмыссыздық саны  көп өңірлердің бірі.

Бұлар келеді де тарифті көтереміз дейді. Оған себеп – банкрот екен. Сонда олар банкрот болады екен деп қарапайым халық ақша беру керек пе? Болсын банкрот, оның орнына басқасы келіп істейді. Модернизация дейді. Олар жаңартып жатқан жоқ, жамап жатыр» деген белсенді Шымкенттегі жылу беру мекемесінің басшысы 180 мың теңгеден астам жалақы алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы мекеме басшысының өзі белсендіге айтып беріпті.

Залдан қуылған жас жігіт қоғамдық талқылауға арналған басқосуда шенеуніктер мәдениеттен жұрдай болғанын жайып салды.

«Жиында Аталықовтың тарапынан сөйлеу мәдениеті болған жоқ. Маған берілген бес минутта бірнеше рет сөзімді бөлді. Жылу мекемесі банкрот болатындықтан тарифті көтереміз деп отыр, олай болса бүкіл құжаттарын, қаржылық есептерін көрсетсін. Жерге қатысты түсіндірме жұмыстарының соңы не болды? Сол секілді халық арасында қарсылық болмауы үшін солай жасау керек»,-деген тұрғын бұл мәселеге қатысты сейсенбі күні баспасөз мәслихатын беретінін айтты.

«Бізде кейбір шенеуніктерді жұмысқа алатын кезде орталықтан алып келген бір қағазына қарап емес, ақыл-есінің дұрыстығына қарап алу керек. Депутаттарды да сайлар кезде соған қарау қажет. Арнайы комиссия құрып, мамандардың тексеруінен өтуі тиіс. Әйтпесе олар өздерінің функционалдық міндеттерін ұмытып кеткен» деп ойын түйді Сүйін Абулдаев.

Естеріңізге салсақ, жылу тарифінің көтерілуіне арналған қоғамдық талқылауда бірқатар белсенділер қарсы шыққан болатын. Солардың бірі – 24 жастағы Сүйін Абулдаев. Алайда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы Бақтияр Аталықов пікір білдірген Абулдаевты залдан қуып шықты.

«Қала тұрғындарының атынан сөйлеуге құқығыңыз жоқ. Шырағым, өз атыңнан сөйле! Депуттат емессің, халық сайлаған жоқ сені. Залдан шық»,-деді  эмоциясын жасыра алмаған шенеунік. Дәл осы жиында халық үміт артып, депутат етіп сайлаған қалалық мәслихаттың депутаты Нұркөз Жаңабаев жылу тарифінің 7 жылдан бері көтерілмеуін масқараға теңеп, бағаны қымбаттатуды қолдады. Айта кетерлігі, депутат Жаңабаев «Энергоорталық-3» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM