Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да мас жүргізуші көлігімен бесік арбадағы сәбиді бөлшектеп тастады

KAZAKBOL.COM

26 ақпан күні кешкі 19:30 шамасында ОҚО Ордабасы ауданы, Шұбарсу елдімекенінде жантүршігерлік оқиға орын алды. 

«Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, үй маңында ойнап жүрген бір топ жасөспірімдерге қарай беттейді. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлікті көрген балақайлар қашуға ұмтылған,деп хабарлайды ТВК арнасы.

Өкінішке орай көлік бесік арбадағы бір жарым жас шамасындағы Мәлік Ақнұрованы сүйреген күйі сол маңдағы дүкеннің қабырғасына ұрған. Көлікпен ғимараттың арасында қалған бүлдіршіннің бір аяғы жамбас тұсынан жұлынып кеткен.

ОҚО-да мас жүргізуші көлігімен бесік арбадағы сәбиді бөлшектеп тастады

Хамит Ақнұрова денесі бөлшектеніп жатқан ұлын аудандық ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

Баланың жұлынып кеткен аяғының бір бөлшегі ата-анасында, төменгі жағы медициналық сараптамаға жөнелтілген

ОҚО-да мас жүргізуші көлігімен бесік арбадағы сәбиді бөлшектеп тастады

Куәгерлердің сөзінше көлікте ішімдікке сылқия тойған қос бірдей ер адам болған. Масыққандары соншалық, апат тудырғандар баланың анасын балағаттап, қол көтермек болған.

Әзірге ұсталғандар қамауда, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM