Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ОҚО-да студент қыздың өліміне қатысы бар тағы да үш күдікті болуы мүмкін

KAZAKBOL.COM
Фото: Отырар

ОҚО-да студент қызды өлтірген жүргізуші Әлішер Арғынбековтің адвокаты қылмысқа қатысты өзге үш күдікті барын мәлімдеді. Бұл туралы «Отырар» сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

18 жастағы Айгерім Оспанбекованы аяусыз өлтіргені туралы хабар талайды есеңгіреткен болатын.

«10 мамыр күні Әлішер Арғынбеков өз көлігіне бойжеткенді отырғызып, оны Шымкентке дейін 500 теңгеге жеткізіп салуға келісті. Көлікке одан бөлек өзге де бейтаныс жолаушылар мінген. Олар Сарыағаштан түсіп қалды. Жарты жолда жүргізуші Оспанбековамен сөзге келісіп, ақыры оған бұрағышпен кеудесіне және ішіне соққы жасаған. Кейін қыздың 50 мың теңге тұратын SUMSUNG GALAXY G5 телефонын және 8500 теңгесін иемденіп алды. Ол дүкеннен жолай скотч сатып алып, көмек сұрап, қансырап жатқан бойжеткеннің аузын орап, қол-аяғын матап, кейін сөмке белбеуімен тұншықтырып өлтірген. Ол Оспанбекованың мәйітінен құтылу үшін оны қаңыраған ен далаға көміп кеткен», — дейді айыптаушы тарап.

Алайда, Әлішер Арғынбековтің адвокаты оны кінәсіз санайды.

«Менің қорғалушым үш жас жігіттің қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін екенін айтып отыр. Ол жолақысын төлемеген үш жігіттен ұялы телефон алған. Олар ұялы телефонды жолақысын әкелгенде қайтарып алуға келіскен. Барлық айыптаулар Арғынбековтен табылған телефонға негізделуде. Арғынбеков әлгі үш жігіттің аты-жөнін және қай жерде тұратынын айтса да, тергеушілер оларды іздестіріп көрмеді», — дейді ол.

Адвокат айыпталушының отбасы бар екі кішкентай баланың әкесі екенін және ондай қылмысқа баруы мүмкін еместігін алға тартты. Дегенмен сот айыпталушыны уақтыша оқшаулағышқа екі айға қамау шешімін шығарды.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM