Көрнекі сурет. Фото: vk.com
Бұл туралы әскери сотқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Естеріңізде болса, Шымкенттегі әскери қызметкер жаңадан үйленген келіншегінің пәктігіне күмән келтіргені туралы жазғанбыз.
Ол әпкесімен бірге әйелінің адалдығына сенбей, оған түрлі балағат сөздерін жаудырған. Өзінің пәктігіне сенбеген күйеуі мен қайын әпкесінің қорлығына шыдамаған бойжеткен оларды сотқа берген болатын.
Нәтижесінде, гинекологтар бойжеткеннің пәк екендігін растады. Сот оны балағаттап, абыройына нұқсан келтірген әскери қызметкер мен оның әпкесіне айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.
KAZAKBOL.COM