Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-да тұрмысқа шықпақ болған қыз ата-анасы мен полицейлерді тік тұрғызды

KAZAKBOL.COM

Оңтүстікқазақстандық полицейлер жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді іздеп тапты, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 17-і күні Сайрам аудандық ІІБ-на 2000 жылы дүниеге келген бойжеткеннің ата-анасы қыздарын белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы шағымданады. Бұл жайт ішкі істер органында тіркеліп, ҚР ҚК 126-бабы, яғни, «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Шұғыл түрде жоғалған қыздың мекен жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылады. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арада бірнеше күн өткен соң полицейлер кәмелет жасына толмаған қызды Шымкент қаласынан тапқан. Ол жігітінің туыстарының пәтерінде болған. Бойжеткеннің айтуынша, оны ешкім ұрламаған. Ата-анасы қарсы болғандықтан сүйіктісіне тұрмысқа шығу мақсатында үйінен өзі қашып кеткен. Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның орын алу барысын анықтап жатыр.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері бір ғана Сайрам ауданында үйлену мақсатында қыз ұрлау бойынша 17 оқиға тіркелген. Бір қызығы, барлық тіркелген іс екі жақтың келісімімен қысқарып кеткен.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM