Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

KAZAKBOL.COM

Кадр 31 арна

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында үлкен базар өртке оранды. Шағымданушылардың сөзінше, Атакенттегі сауда қатарлары, дүңгіршіктер мен төрт дүкені бар орталық базар бар-жоғы 12 минутта-ақ күлге айналған деп хабарлайды 31 арна.

Мақтарал ауданының Атакент елдімекенінде жергілікті тұрғындар сауда жасайтын жалғыз базар әп-сәтте күлге айналған. Тілсіз жауды көзімен көргендер, өрттің қою қара түтінінен санаулы минуттарда тауар толы сауда қатарлары көрінбей қалды дейді. Миллиондардың тауары желге ұшты дегендердің саны қырыққа жуықтайды.

«Мұндай жағдай болмаған, халыққа ауыр болды. Барлығы енді қарызда», — дейді жалғызбасты ана.

Сатушылардың енді бірі болса, өрт қойылар алдында ұрлық болған дегенді алға тартады. Оған негіз өртенген заттың күлі де ізі де жоқ дейді.

Кадр 31 арна

Базар әкімдігі шығынды әлі есептеген жоқпыз дейді. Өрттің неден шыққаны белгісіз. Сондықтан сараптаманың қорытындысын күтеміз деп тұрғындарды сабырға шақырды. Енді не істейміз, қайда барамыз дегендерге базарды қайта тұрғызып, сатушыларға ақшалай жәрдем көрсетеміз деді.

Өрт сөндіретін 6 көлік бірнеше сағат өртпен алысқан. 23 киім сату орны, 30 азық-түлік нүктесі, төрт аралас дүкен жермен-жексен болған. Жәбірленгендер қорғаушы да жалдапты. Алайда саудагерлердің құқын қорғауға кіріскен адвокат Бақыт Дүйсенбиев белгісіздерден қорқыту хатын алғанын, оған қоса үйіне өрт қойылғанын айтады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM