Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОҚО тұрғыны күзетшілік жұмыс қазақтың ғана маңдайына жазылғанына күйінді

KAZAKBOL.COM

Фото: zamana.kz

Көпұлтты Қазақстанда күзет қызметін атқаратындар жаппай тек қазақ азаматтары екенін байқаған Zamana газетінің оқырманы оның себебін іздеуге тырысты. Айтуынша,  өзге ұлт өкіл­дерінің арасында күзет­шілікті кәсіп еткендер жоқ. Оқырманды қазақ азаматтарының күзетшілікті неліктен «патенттеп» алғаны мазалайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ринат Рафхат есімді оқырманды еліміздің түкпір-түкпіріндегі өндіріс орындары, кафе-барлар, сауда үйлері мен базарлардың тыныштығын жаппай қазақ күзетшілерінің сақтап жүргені таңғалдырады.

«Осы сұрақ мені мазалап ке­леді. Неге «күзетші» деген кәсіп иелері жаппай қазақ азаматтары? Қа­зақстанда қоныстанған бас­қа ұлыс­тарға бұл кәсіп бұйырмапты. Құдай күзетшілік қылуды тек қа­зақтың маңдайына жазғаны ма? Қай қалаға барсам да, қай обылыстың аудандарын араласам да арқаларында «күзетші» деген жазу бар ылғи қа­зақ. Өндіріс орындарын, кафе-барларды, сауда үйі мен базарларды күзететін сол қазақ күзетшісі.

Егер біздің ел тек бір ұлт – қазақтан ғана құралған болса, онда бұл сауалға жауап іздеп бас қатырмас едім. Алайда Қазақстан көпұлтты мемлекет. Десек те өзге ұлт өкіл­дерінің арасында күзет­шілікті кәсіп еткендер (мүмкін мен көрмеген болармын) жоқ деуге болады. Былайша айтқанда, қай салада болмасын, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің кәсіп­тері  – «жылы жерде» отыру. Ал бұлардың күн­дізгі және түнгі ты­ныштығын қамтамасыз етіп, күзете­тін сол сорлы қа­зақ тағы да«, — деп жазады ол.

Осылайша бас қатырған оқырман бұл жағдайдың себебін өз бетінше іздеп көрген.

«Бұның салдарының ең бас­тысы – жұмыстың жоқтығынан ауылдан қа­лаға көшіп келген қа­зақтың кәсіп таңдайтын жағдайы жоғы. Әрі осы қазақтардың отбасында жоқ дегенде төрт-бес баладан бол­ғандықтан. Мы­на нарықтық заман қысқандықтан, жұ­мыссыз жүргеннен кейін бұл кә­сіпке ойланбастан кірісіп кетеді. Бір жағынан бала-шағасының нес­бесін айы­ру болса, екінші жағынан ал­қымнан алған несиесі тағы бар. Сол себептен күзет­шілікті қа­зақ xалқы «патенттеп» алғандай», — дейді Ринат Рафхат.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM