Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Олимпиада чемпионы Жиров қазақстандықтарды Қанат Исламды қолдауға шақырды

KAZAKBOL.COM

Атланта Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, кəсіпқой бокстан əлем чемпионы Василий Жиров Алматыға келді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Туған елі Қазақстанға жасаған сапарында боксшы әріптесі, былғары қолғап шебері Қанат Исламның тоғызыншы мамыр күні өтетін жекпе-жегін тамашалап, барша қазақстандықтарды қазақ ұлын қолдауға шақырды. Сонымен қатар ол Исламның биік белестерді бағындырып, әлем чемпионы болатынына сенім білдірді.

«Санаулы күндерден кейін таңғы сағат жетіде өтетін кездесуді тамашалауға шақырамын. Геннадий Головкин секілді Қанатты да қолдаңыздар», — деді Жиров.

Айта кетейік, Қанат Исламның жұдырықтасуының тікелей көрсетілімін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тоғызыншы мамыр күні сағат 7:00-де тамашалай аласыздар. Спортта «Қазақ» атымен танымал болған Қанаттың бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық боксшы Хуан де Анхель.

Қазақ былғары қолғап шебері күні бүгінге дейін кәсіпқой бокс алаңында 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 17-сінде нокаутпен қарсыласын тізе бүктірген. Ал оның қарсыласы Хуан де Анхель 18 кездесудің 17-сінде қарсыласын жеңген.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM