Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Олимпиададағы жарыстарға 10 мың көрермен ғана жіберіледі

KAZAKBOL.COM

Биыл шілде және тамыз айларында Токиода өтетін Олимпиада ойындарына көрермен қатыстырылады, бірақ олардың саны шектеледі. Жапония билігі мен Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.

Тараптар ортақ келісімге келді. Бұның алдында Ойындар көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған.

Жарыстың әрбір түріне он мың ғана көрермен жіберіледі. Трибуналар жартылай ғана толады. Жарыстарды тамашалайтын жанкүйерлер әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс.

Ойындарға Жапонияда тұратын азаматтар ғана кіре алады. Шетел жанкүйерлеріне елге келуге тыйым салынған. Спорт делегацияларының саны шектелген.

ХОК басшысы Томас Бахтың мәлімдеуінше, спортшылар мен Олимпиада қалашығында тұратын ресми өкілдердің 80 пайызына вакцина егілген.

Олимпиада-2020 коронавирус пандемиясына байланысты былтыр өтпей қалды. Ойынды ұйымдастыру кезінде жаппай наразылық акциялары өтті. Олар Олимпиададан бас тартуды талап етті.

Жапония билігі коронавирустың таралу деңгейі өссе, Токиода төтенше жағдай енгізіліп, Ойындар көрерменсіз өтуі мүмкін екенін ескертті. Түпкілікті шешім 12 шілдеден соң қабылданады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM