Тәжікстанда соңғы жылы адам құқығы мәселесі біршама жақсарды. Осылай деп Тәжікстан омбудсмені Умед Бобозода 3 ақпанда баспасөз мәслихатын өткізіп мәлімдеді. Алайда бұл пікірмен халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар келіспейді.
«2021 жылы тергеу абақтыларында, колонияларда, әскери бөлімшелерде, мектеп-интернаттарында жағдай бірқатар жақсарды. 33 мониторинг, 27 тексеру жүргізіп, 10 рет мекемелерді араладық», — деді Тәжікстаның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Бобозода.
Былтыр HRW (Хьюман Райтс Вотч) адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйым Тәжікстанда 2021 жылы адам құқығы мәселесі күрт нашарлап кетті деп мәлімдеме жасаған. Түрмелерде азаптау орын алады деген.
Алайда Тәжікстанның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі 2021 жылы 15 шағым түскенін, тексеру барысында бірде-бірі расталмағанын айтады.
Халықаралық құқық қорғаушылар Тәжікстанда соңғы жылдары еркін ойын білдірушілерді қуғындау үдей түскенін, еркін ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қойылатынын, интернет жиі бұғатталатынын көтеріп келеді. Мәселен, былтыр қараша айынан бері Таулы Бадахшан облысында интернет байланысы жоқ.
KAZAKBOL.COM