Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ондаған қазақстандық Қарақалпақстаннан шыға алмай жүр

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның 80-ге жуық азаматы Өзбекстанның Қарақалпақстан жағындағы шекарадан үш күннен бері өте алмай жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі «жағдайды бақылап отырғанын» мәлімдеді.

«Өзбекстандағы дипломаттарымыз осы жағдайды бақылап отыр. Өзбек жағымен келіссөз жүріп жатыр. Қиыншылықты шешу үшін бар күш жұмсалады. Азаматтарымыз үш мерзім тамақтанады, олармен байланыс орнатылған», — деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, шекарада Қазақстанның 80-ге жуық азаматы қалған, бірақ олардың дені Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласына қайтты. Мұнда өткен аптаның аяғында жаппай наразылық болды.

Шекарадан өте алмай жүрген қазақстандықтардың айтуынша, шаршау мен қапырықтан балалардың ыстығы көтерілген.

Бұның алдында Қазақстандағы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Қарақалпақстанның жүзден аса азаматы шекарадан өте алмаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM