Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Алматыда қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды.

Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Саясаткер қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Белсендінің айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер «жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған».

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин аурухананың реанимация бөліміне түскен еді.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді.

Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM