Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оппозиция өкілдері «Алға Қазақстан» партиясын тіркеуден бас тартқаны үшін әділет министрлігін сотқа бермек

KAZAKBOL.COM

5 мамырда бір топ оппозиция белсендісі әділет министрлігіне келіп, «Алға Қазақстан» партиясын тіркемеу себебін түсіндіруді талап етті. Бұған дейін министрлік “Алға Қазақстан” оппозициялық партиясын құру бастама тобының құжатын тіркеуден бас тартқан.

Министрліктің ресми жауабында “Саяси партиялар туралы” заңның 8-бабына сәйкес бастамашыл топ тізімінің заңға сәйкес еместігі айтылған. Бірақ нақты түсініктеме берілмеген.

5 мамырда тіркелмеген партия лидері, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин заң талаптарын толық орындағанын, партия тіркеу үшін қажет 1000 адамның орнына 1600 нақты адам тізімін бергенін айтады. Ол партияны тіркемеу себебін “жоғарыдан түскен саяси нұсқаумен” байланыстырады.

– “Өздеріңіз қайтадан тексеріп көріңіздер” дейді. Біз онсыз да мұқият тексеріп, әрқайсысын видеоға жазып әкелгенбіз. Енді олар “мынау сәйкес емес” деп нақты айтуы керек. Бірақ бізге оны айтудан бас тартып тұр. Бұл — масқара жайт, — дейді Жасарал Қуанышалин.

Оның сөзін қоштаған белсенді Әсет Әбішев те құжатты қабылдамаудың “саяси астары” болуы мүмкін деп санайды.

– Билік азаматтық қоғамның үнін естуден қорқады. Біздің «оппозициялық партиямыз” деп мәлімдеуіміз оларға ұнаған жоқ. Партия құруға атсалысып жүрген азаматтардың бәрі – өзіндік ұстанымы бар белсенділер. Бұл да билікке ұнамай тұр. Тоқаевтың “демократиялық жаңа Қзаақстан” туралы әңгімесі бос сөз екенін көрсетті, – дейді ол.

Оппозиция белсенділерінің сұрақтарына жауап берген министрлік өкілі Гүлмира Ламашарипова «бұл дербес деректер, ол жөнінде ақпарат бермейміз» деп Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Билік осыған дейін елде саяси қудалау жоғын бірнеше рет айтқан.

“Алға Қазақстан” оппозициялық партиясын құрушылар сотқа жүгінетінін, сол жерде өздерінің құқықтарын қорғайтынын айтады.

Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір “Ел тірегі”(Нұржан Әлтаев),”Намыс” (Санжар Боқаев), “Байтақ” (Азаматхан Әміртай) және “Халық дербестігі” (Жұматай Әлиев) тіркелудің бірінші кезеңінен өткен. 2019 жылы президентікке қазақ тілінен көп қате жіберіп, өте алмаған Жұматай Әлиевтің “Халық дербестігі” партиясы 20 мың адам қол жинап, съезін өткізген. Бірақ бұл партия туралы ашық ақпарат көзінде ешқандай мәлімет жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM