фото: sn.kz
Жұлдыздың туған-туыстары оның аман-есен табылғанына қуанышты. Ал, екі ұлы болса өте жақын күндері анасымен қайта қауышады.
Жас әйелдің туысы хабарлағандай, ақпараттық порталдарда Жұлдыз Сисенованың жоғалып кеткені туралы материал шыққаннан кейін полицейлер олардың үйлеріне келіп, арыз жаздырып алған. Сол күні, яғни 3 мамырда тәртіп сақшылары оларға хабарласып, Жұлдыздың аман-есен табылғанын хабарлапты.
«Полиция қызметкерлері Жұлдызды ұялы телефоны арқылы тапқанын айтты. Бүгін оны үйге алып келеді. Не үшін кетіп қалғаны әзірге белгісіз, келгеннен кейін анықталар», ― деді Жұлдыздың туысы.
Еске салайық, екі баланың анасы 26 сәуір күні таңертең үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол туыстарына Орал қаласына кететінін айтқан. Мұнан кейін онымен байланыс мүлдем үзіліпті.
KAZAKBOL.COM