Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оралда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 21 жастағы келіншек табылды

KAZAKBOL.COM

фото: sn.kz

Орал қаласының полицейлері осыдан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы Жұлдыз Сисенованы тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап sn.kz хабарлайды.

Жұлдыздың туған-туыстары оның аман-есен табылғанына қуанышты. Ал, екі ұлы болса өте жақын күндері анасымен қайта қауышады.

Жас әйелдің туысы хабарлағандай, ақпараттық порталдарда Жұлдыз Сисенованың жоғалып кеткені туралы материал шыққаннан кейін полицейлер олардың үйлеріне келіп, арыз жаздырып алған. Сол күні, яғни 3 мамырда тәртіп сақшылары оларға хабарласып, Жұлдыздың аман-есен табылғанын хабарлапты.

«Полиция қызметкерлері Жұлдызды ұялы телефоны арқылы тапқанын айтты. Бүгін оны үйге алып келеді. Не үшін кетіп қалғаны әзірге белгісіз, келгеннен кейін анықталар», ― деді Жұлдыздың туысы.

Еске салайық, екі баланың анасы 26 сәуір күні таңертең үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол туыстарына Орал қаласына кететінін айтқан. Мұнан кейін онымен байланыс мүлдем үзіліпті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM