Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ОРК: Дауыс бергендердің 77,1 пайызы конституцияға енетін өзгерістерді қолдап, 18,6 пайызы қарсы болды

KAZAKBOL.COM

Бүгін, 6 маусымда таңертең Нұр-Сұлтанда Орталық референдум комиссиясы баспасөз жиынын өткізіп, референдумның қазірге дейінгі қорытындысын жариялады.

Комиссия мәліметіне қарағанда, референдумға Қазақстанның дауыс беруге құқығы бар азаматтарының 68,06 пайызы қатысқан. Оның 77,18 пайызы Қазақстан конституциясына енетін өзгерістерді қолдаған, 18,66 пайызы «жоқ» деп дауыс берген.

Комиссия статистикасына қарағанда, конституциялық өзгерісті ең көп қолдаған өңір – Нұр-Сұлтан қаласы. Дауыс берген қала тұрғындарының 79,59 пайызы өзгерісті қолдаған, 14,65 пайызы қарсы болған.

Өзгерісті ең аз қолдаған өңір – Алматы қаласы. Алматы тұрғындарының 65,22 пайызы қолдап, 27,41 пайызы «жоқ» деп жауап берген.

Кей өңірлерде 4,6 пайызға дейін бюллетень жарамсыз саналған. Екі жауап та белгіленіп, есепке алынбаған бюллетеньдер кей өңірде 2,7 пайызға жеткен.

Комиссия есебінше, Қазақстанда 11 миллион 734 мың 642 азаматтың дауыс беруге құқығы бар, оның 7 миллион 986 мың 293-і референдумға қатысқан.

Заң бойынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысса, «референдум өтті» деп саналады.

5 маусымда Қазақстанда конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтті. Билік конституцияның үштен бірін яғни, 33 бапты өзгертуді ұсынды. Бюллетеньде «түзетулерді қолдайсыз ба?» деген жалғыз сұрақ бар.

Референдум күні тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру кезінде заңсыздықтар тіркелгенін хабарлаған. Олардың айтынша, бақылаушылардың жүрісін шектеу, фото-видео түсіруге тыйым салу, дауыс беру құпиялылығын бұзу, тұпнұсқа құжат көрсетпесе де бюллетень беру, азаматтарды бірден екі учаскеге тіркеуге алу сияқты заңсыздықтар тіркелген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM