Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарын сайлау графигін бекітті

KAZAKBOL.COM

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарына белгіленген парламент сенатының депутаттарын сайлау графигін бекітті. Кандидаттар 29 қарашадан бастап ұсынылады, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл жөнінде ОСК төррағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.

ОСК ақпаратына қарағанда, сенат депутаттарын облыстық сайлау комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалалардың сайлау комиссиялары тіркейді. Сенат депутаттығына кандидатты қала мәслихаты ұсынады және үміткер өз-өзін ұсына алады.

Депутаттыққа кандидат табысы мен мүлкі туралы декларациясын көрсетіп, 900 мың теңге сайлау жарнасын төлеуге тиіс.

  • Кандидаттар 29 қараша — 14 желтоқсан аралығында ұсынылады;
  • Кандидаттар 29 қараша — 24 желтоқсан арылығында тіркеледі;
  • Сайлау алдындағы үгіт-насихат 24 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін жалғасады;
  • 13 қаңтар – тыныштық күні
  • 14 қаңтар – дауыс беру күні
  • Сайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін шығады

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше, сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беруге қатысса «сайлау өтті» деп есептеледі. Сайлауға кейген сайлаушылар дауысының 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат «сайланған» болып есептеледі..

Парламент сенатының сайлауы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді. Бұл жөнінде президент қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациядағы сөзінде айтқан.

Конституция бойынша, сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар қала мен Астанадан екі депутаттан сайланады, он депутаттты Қазақстан президенті тағайындайды. Қазақстанда қазір 17 облыс, республикалық маңызда Алматы және Шымкент қалалары және Астана бар. Сенатта барлығы 50 депутат болуға тиіс.

Қазақстанда кейінгі 10 жыл тұрған, жасы 30-дан асқа, жоғары білімді, сотталмаған және кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар адам сенат депутаттығына кандидат бола алады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың маусым айында парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттары депутаттарын сайланатынын мәлімдеген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM