Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Орыс мыс компаниясы» Қазақстанның екі өңірінде жаңа кен игергісі келеді

KAZAKBOL.COM

Ресейде мыс өндірумен айналысатын «Орыс мыс компаниясы» Қазақстанның Абай және Жетісу облыстарында жаңадан ашылған екі кенді өндіруді көздеп отыр. Бұл туралы ҚазТАГ жергілікті үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Орыс мыс компаниясының» президенті Всеволод Левин Жетісу облысындағы «Көксай» кені мен Абай облысындағы «Айдарлы кенін» өндіру жоспарда барын айтты», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Всеволод Левин 4 шілдеді қазақ премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездескен.

Республика премьер-министрі «Көксай» мен «Айдарлы» кендері Қазақстан үшін маңызды екенін айтты, деп жазды агенттік.

«Көксай» — жылына 85 мың тоннаға жуық өнім беретін мыс кені.

Бұның алдында оны KAZ Minerals компаниясы өндірген. 2021 жылы аталған компанияны қазақстандық олигарх Владимир Ким сатып алды. Қазақстандық Forbes мәліметінше, Владимир Ким Қазақстандағы ауқатты адамдар тізімінде бірінші орында тұр. 2022 жылғы сәуірдегі мәлімет бойынша, ол капиталын бір жылда 400 миллион долларға арттырды. Владимир Ким «Қазақмыс» корпорациясы акцияларының 70 пайызына иелік етеді.

«Айдарлы» мыс кенін «Қазақмыс» өндіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM