Фото: «Қостанай таңы» басылымы
Қостанайда құрбыларымен бірге арақ ішіп, шу шығарған қызын әкесі пышақтап өлтірді деп хабарлайды «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Оқиға Қостанай облысы Қарасу ауданы Комсомольский кентінде орын алған. Айыпталушы түскі ас кезінде арақ ішіп, ұйықтап жатқан. Бұл уақытта үйге құрбыларымен бірге оның 26 жастағы қызы еліп, олар да ішімдік іше бастайды. Олардың қатты шыққан дауыстарынан оянып кеткен үй иесі, қызына ескерту жасайды. Бірақ, бұл ескертудің соңы ұрыс-керіске ұласып, әкесі мен қызы бір-біріне түрлі балағат сөздер айта бастайды. Ұрыс соңы төбелеспен жалғасады. Қызының ауыр сөздеріне шыдай алмаған ер адам асүйден пышақ әкеліп, қызының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып алады. Мұның салдарынан 26 жастағы қыз сол жерде тіл тартпай кетеді.
1968 жылғы өыздың әкесіне қатысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
KAZAKBOL.COM