Қостанайда әйелді өлтіргені үшін үш адам ұзақ мерзімге сотталды.
Қостанайда ер адам екі сыбайласымен алдын ала келісіп алып, бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді, қылмыс барысында әр қатысушының өз рөлі болған, деп хабарлайды sputniknews.kzҚостанай облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеем жасап.
«Телефон арқылы П. күйеу баласына досын ертіп келіп, бұрынғы әйелін өлтіруге көмектесуді сұрайды. Ер адам тіпті сыбайластарын рөлдерге бөліп қойған: біреуі аяғын, екіншісі қолдарын ұстайды, ал өзі әйелді тұншықтырады. Күйеу баласы келісе кетеді», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
«Кісі өлтіру алдын ала келісілген жоспар бойынша орындалған. Ер адам ұйықтап жатқан бұрынғы әйелін жастықпен тұншықтырады, ал қалған екеуі әйелді ұстап тұрыпты», — делінген хабарламада.
Сот үкімімен үшеуі де ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,7-пункттері бойынша айыпты деп танылды.