Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Журналист Грант Динкті өлтіруге қатысты деп айыпталған түрік азаматы Бішкекте ұсталды

KAZAKBOL.COM

2007 жылы Стамбулда журналист Грант Динкті өлтіруге қатысты деген күдікпен іздестірілген түрік азаматы Бішкекте қолға түсті. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз министрлігі бұның алдында Түркияның бір азаматының жалған құжат пайдаланғаны анықталғанын мәлімдеген.

Түркияның 1984 жылы туған бір азаматы 26 ақпанда ұсталды. ІІМ мәліметінше, ол жалған төлқұжат пен көлік жүргізу куәлігін пайдаланған.

Тергеу кезінде бұл азаматты Түркияның ішкі істер органдары іздестіріп жатқаны мәлім болды. Оған 2007 жылы журналист Грант Динкті өлтіруге қатысты деген айып тағылған. Бұған қоса, ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты, заңсыз қару сақтады деген айыптармен іздестірілген.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі шекараны бұзды, жалған құжат пайдаланды деген айыптармен қылмыстық іс қозғады. 28 ақпанда сот оны екі ай тергеу изоляторында ұстау жөнінде шешім шығарды.

Грант Динк – түрік-армян журналисі, Түркиядағы армян қауымының жетекшілерінің бірі, «Агос» газетінің бас редакторы. 2007 жылғы 19 ақпанда оны күндіз газет кеңсесінің маңында атып кетті.

Динк өлімі Түркияда жан-жақты талқыланды. Оның өліміне қатысты іс бойынша сот бес жылға созылды. Кәмелет жасқа толмаған Огюн Самаст кісі өлтірді деген айыппен 21 жыл 10 айға сотталды, тағы 19 адам істі болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM