Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде акцияға шыққан тәжік мигранттарының айлығының бір бөлігі төленді

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Воронеж облысындағы Шубное ауылында еңбек ақыларын ала алмай келе жатқан тәжік мигранттары мәселесінің шешілгенін хабарлады.

Олардың сөзінше, 16 қазанда Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі тікелей араласқаннан кейін, жұмыс беруші тарап төлқұжаттарын қайтарып, айлығының жартысын төлеген.

Бұл мәліметті елшілік өкілі де растады.

«Ортадағы келісімге сәйкес, жұмыс беруші («Острогожсксадпитомник» кәсіпорны) тәжік азаматтарының патентін, әуебилетін, тұруға және азық-түлікке кеткен шығындарын төлеп берген. Бірақ олар жұмысқа орналасқаннан кейін бұл ақшаны айлығынан ұстап қалған. 1 қыркүйекте жұмыс беруші тәжік мигранттарына 10 мың рубльден төлеген. Осыдан кейін олардың арасында келіспеушілік туындаған», — деп мәлімдеді елшілік өкілі.

Өткен аптада үш ай бұрын Воронеж облысына алма теру үшін барған 110 тәжік мигранты жергілікті полиция бөлімшесі алдында наразылық акциясын өткізген. Олар жұмыс беруші тарап төлқұжатын алып қойып, еңбекақыларын төлеп бермей жатқанын айтып, шағымданған.

15 қазанда Озоди радиосы бұл бойынша репортаж әзірлегеннен кейін Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі мәселені шешу үшін өкілдерін Воронеж облысына жібергенін хабарлаған.

Мәліметке қарағанда, төлқұжатын қайтарып алған мигранттар жұмыс табу үшін Ресейдің басқа аумағына кеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM