Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қостанайда көмір ұрлады деп айыпталған әйелге кәсіпкерлер отын түсіріп берді

KAZAKBOL.COM

180 теңге тұратын 20 келі көмірді ұрлағаны үшін әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Қостанай облысының кәсіпкерлері құны не бәрі 180 теңге болатын 20 келі көмір ұрлады деп айыпталған әйелге көмек көрсетті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«90-жылдардан кәсіпкердің жағымсыз имиджі, яғни, дөрекі, тез арада баюды, ақша табуды ойлайтын бейнесі қалыптасқан. Алайда, іс жүзінде қайырымды әрі әдепті адамдар да бар. Қарапайым ғана мысал, барлығына да құны 180 теңге тұратын 20 келі көмірді ұрлағаны үшін әйелдің соты болғандығы жайлы қоғамда үлкен дүрбелең туындатқан оқиға белгілі. Аталған жаңалық жария болып, оның төңірегінде дабыра басталған 2-3 сағаттың ішінде Қостанай облысының кәсіпкерлері әйелдің үйін жылыту үшін бір машина көмір беріп жіберді», — деді кәсіпкер Асқар Кереев бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің бірінші сессиясында.

Айта кетейік, қараша айында Ұзынкөл аудандық сотында өзгенің мүлкін ұрлады деген айыппен жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қаралған болатын. Оған Ұзынкөл аудандық ауруханасына қарасты ауылдардың бірінің медициналық пункті аумағынан 20 келі көмір ұрлады деген айып тағылған еді. Дегенмен тараптардың татуласуына байланысты көмір ұрлаған әйел жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM