Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қостанайлық қария бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр (фото)

KAZAKBOL.COM

Үйдің үш қабырғасы бос бөтелкеден қаланып, арасы балшықпен сыланған.

Лиманное ауылының тұрғыны Владимир Авхимович бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Владимир Авхимович тұрып жатқан қамыс үй өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында салынған екен. Қабырғалары әбден тоза бастаған соң ол бөтелкелердің көмегімен жаңартуға бел буыпты.

фото ҚазАқпарат.

«Бастапқыда жүрексіндім, күз айы болатын. Не керек, қыс түскенше аяқтап үлгердім. Негізі мен сияқты үй салып алғандар туралы теледидардан көргенмін. Жұбайыммен ақылдаса келе, біз де осы шаруаға кірісіп кеттік. Шығын өте аз болды», – деп еске алады үй иесі.
Авхимович аталған құрылысқа қажетті бөтелкелердің өзін жарты жылдай жинаған. Бала кезден бері шашылып жатқан темір-терсек, қағаз қалдықтарын, қоқыстарды жинауға әуес болыпты. «Әйтеуір, бір керегі болатынын білетінмін», — дейді ол.

фото ҚазАқпарат.

Үйдің үш қабырғасы бос бөтелкеден қаланып, арасы балшықпен сыланған. Мұндай шыны қабырғалар жауынға мүжілмейді, тіпті аяздарда сынбаған.

«Бастысы, үйдің жылуы ғой. Егер тағы да бос шөлмектер жинасам, бассейн, фонтан қабырғаларын қалауға болады. Хауызға су толтырғанда жарықпен шағылысып тамаша көрінеді. Бірақ бұл үшін аздаған қарапайым құрылыс технологиясынан хабардар болған жөн және бос шиша қауіпті болғандықтан мұқият қарау керек», – деп кеңес берді Владимир Авхимович.

фото ҚазАқпарат.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM