Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Отан қорғаушылардың аналарын құттықтау


Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің ұжымы әскери қызметшілердің аналарын құттықтады.

«Біз ең жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық әйелдер күнін ерекше жылылықпен атап өтеміз. Отанға деген сүйіспеншілік анаға, отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасыда алған тәрбие — бүкіл халқымыздың гүлденген және табысты болашағының кепілі», — дейді қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров.

Өз өмірлерін әскери кәсіппен байланыстырған әскери қызметшілердің аналары үшін ерекше мақтаныш сәті. Қолына алғыс хат ұстаған бір жас офицердің анасы Гүлзада Жарымбетова осындай сезімге бөленді.

Отан қорғаушылардың аналарын құттықтау

«Мен ұлымның әскери қызметші екенін мақтан тұтамын. Бастықтарының қол астындағылар мен олардың отбасыларына көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін үлкен рахмет. Армияда тек әскери адамдар ғана емес, сонымен бірге оларды өсіріп, тәрбиелеген адамдар да бағаланатынын қастерлеу мен үшін өте қуанышты», – деді ол.

Атап кетсек, отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет мамандары моральдық-психологиялық жай-күйді және ықтимал проблемалық мәселелерді зерделей отырып, әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты байланыста болуда. Жас және көп балалы отбасылармен жеке жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
байланыс телефондары: 87781475425
87472093922 (what’s app)
shymkent_press@mail.ru

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM