Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Отандық вакцинаны» пайдалануға уәде берген Тоқаев ресейлік екпе салдырды

KAZAKBOL.COM

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы 6 сәуірде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді» деп жазды Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында. Оның айтуынша, президент халықты «мейлінше тезірек вакцина салдыруға» шақырған.

Қаңтар айының соңында Тоқаев «отандық вакцина сынақтан ойдағыдай өтеді деп үміттенеміз. Ондай жағдайда қазақстандық вакцина салдырамын» деп мәлімдеген еді.

Тоқаевтың «отандық вакцина» деп отырғаны – биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazCOVID-in вакцинасы. 31 наурызда институт басшылығы екпені сынақтан өткізудің үшінші кезеңі аяқталмаса да, сәуір айында оны жаппай пайдалана бастайтынын мәлімдеген. Институт жетекшісі Күнсұлу Закария көптеген елдің сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып екпені пайдалана беретінін алға тартқан.

Былтыр Ресей де сынақ кезеңдері толық аяқталмай жатып, коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеген. Батыс елдерінің медициналық қауымдастығы мұндай әрекетті сынаған.

Биыл ақпан айында әлемдегі беделді ғылыми басылымдардың бірі Lancet «Спутник V» вакцинасын сынақтан өткізудің үшінші кезеңінің аралық нәтижесін жариялап, препараттың тиімділік көрсеткіші 91,6 пайыз деп мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM