Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Отандық журналист арабша сөйлеуді сәнге айналдырғандарға шүйлікті

KAZAKBOL.COM
Фото: ВКонтакте

Отандық журналист Жарас Ниязбек желі парақшасында діни атауларды арабша айтатындарды сынға алды.

«Көптен бері жазғым келген еді. Сан ғасырдан бері мұсылман болған қазақтар діни терминдер мен атауларды қате айтып келген жоқ шығар? Неге соңғы кездері «ауызашар» «ифтар» болып кетті? Бұл сән қуу ма әлде басқа себебі бар ма?», — деп сөзін бастады ол.

Журналист Діни басқарманың пәтуәсін алға тартты.

«Өткен жылы Діни басқарма «Аллаһ» сөзін «Алла» деп, «Халалды» «Адал» деп айтайық деген пәтуә шығарды. Жоқ, оған құлақ аспайды. Осы сияқты «МашаллаҺ» «ИншаллаҺ» «ӘлхамдулиллаҺ» сөздері де жиі қолданыста. Бұл сөздерге еш қарсылық жоқ. Айта берсін. Бірақ бұлардың да қазақша баламалары бар. Әлде арабша айтса сауабы көп пе?», — деп сауал тастады ол.

Ниязбек діни сөздерді арабша айтатындар қазақтықтан қашып жүр деген пікірде.

«Қазақ ықылымнан түшкірсе «жәрекімалла», қуанса «бәрекелді», бір істі жоспарласа «Алла қаласа», шүкір етсе «Құдайға шүкір» дейтін. Қазір бәрі қазақтықтан қашатындай маған», — деп ойын білдірді ол.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM