Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пәкістанда пойыздар соқтығысып, кемінде 30 адам опат болды

KAZAKBOL.COM

7 маусымда таңертең Пәкістанда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 30 адам қаза болды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Оқиға Синд провинциясындағы Дахарки қаласы маңында болған. Биліктің мәліметінше, рельстен шығып кеткен пойыздардың біріне жолаушысы көп екінші пойыз соқтығысқан.

Қанша адамның вагондар астында қалғаны белгісіз. Құтқарушылар оларды табу үшін арнайы техника сұраған.

«Апат болған маң алыста болғандықтан құтқару операциясы күрделенді» деді теміржол компаниясының өкілі. Кемінде алты вагон толық қираған.

Компанияның баспасөз қызметі кемінде 22 адамның қаза болғанын хабарлады. Ал Дахарки полициясының аға офицері Омар Туфаил 30 адам опат болды деді.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан оқиғаны естіп түршіккенін айтып, жол апатының себебін толық зерттеуге уәде берді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM