Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пәкістан: трансауған темір жолының құрылысы 8 млрд доллар тұрады

KAZAKBOL.COM

Пәкістан «Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» темір жолы құрылысын 8,2 миллиард долларға бағалады. Бұл туралы Samaa басылымы хабарлады.

Пәкістан темір жол министрлігінің хатшысы Зафар Ранджа жоба құнының жаңа сметасын жариялады.

Былтыр ақпанда Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан Ташкентте Трансауған темір жолы құрылысы жөніндегі жол картасын қабылдаған. Сол кезде жоба 5 млрд долларға бағаланған. 600 шақырымдық темір жол Өзбекстан мен аймақ елдері үшін Пәкістандағы теңіз порттарына жүк жеткізуді жеңілдетеді.

Бұған дейін хабарланғандай, үш ел «Термез-Пешавар» темір жолы жобасын жүзеге асыруды биыл 18 шілдеде бастады.

Темір жол жобасы жөнінде 2018 жылы жарияланып, құрылыс 2021 жылғы қыркүйекте басталады деп жоспарланған. Алайда 2021 жылғы шілдеде тәліптердің Ауғанстанда билікті басып алуына байланысты жобаны жүзеге асыру ісі кейінге қалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM