Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пәкістанда Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық жиын өтіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Исламабадта Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық жиын өтіп, оған АҚШ, Ресей, Қытай және Пәкістан өкілдері қатысып жатыр.

Оларға тәліп үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Мутакки да қосылуы мүмкін. Ол 10 қарашада Исламабадқа барған. Бұл тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі «Кеңейтілген үштіктің» алғашқы отырысы.

10 қарашада Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын Үндістан астанасында өткен. Оған Орталық Азия елдерінің, Иран және Ресейдің қауіпсіздік қызметінің ресми өкілдері қатысты.

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманкулов сөзінде экстремизм мен сепаратизмге қарсы күресте бірге қызмет істеуге шақырып, Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға алаңдаушылығын білдірді.

Жиын соңында Ауғанстан бойынша Дели декларациясы қабылданды.

Онда радикализацияға, экстремизм мен сепаратизмге, есірткіні заңсыз тасымалдауға қарсы бірге жұмыс істеу мәседесі қамтылған. Конференцияға қатысушылар Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс бойынша алаңдаушылығын білдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM