Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Парламент әйелдерді 61 жаста зейнетке шығаратын заңды мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан парламенті 8 желтоқсанда 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасын 61 жаста қалдыратын түзетулерді мақұлдады. Заңнамаға түзетулер сонымен бірге сәби 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне қатысты төлем төлеу, зейнетақы мөлшерін 46 АЕК-тан 55 АЕК-қа дейін арттыруды да қарастырады.

Құжатқа сәйкес, 13 заңға түзетулер енгізіледі. Заң «жастар» ұғымын кеңейтіп, оған 35 жасқа дейінгілерді енгізуді де қарастырады. Онда бұрын болмаған «жастардың әлеуметтік қызметі», «уақытша жайғаспаған жастар» деген ұғымдар бар. Әкімдіктер белгілі бір өңірдің «артықшылықтарын» ескере отырып, жастарға жеңілдікпен баспананы жалға беру бағдарламасын жасап, жүзеге асыру өкілетіне ие болады.

Заң сонымен бірге жұмыс берушіні жұмысшылардың зейнетақы жарнасының белгілі бір бөлігін төлеуге міндеттейтін өзгерісті 2023 жылдан 2024 жылға шегеруді де қарастырады. Құжатқа сәйкес, бала күтіміне қатысты төлем төлеу мерзімі бір жарым жасқа ұлғайтылады. Бұған қоса, зейнетақы мөлшерін 46 АЕК-тан 55 АЕК-қа дейін арттыру да қарастырылған.

Заңға сәйкес, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады. Аталған түзетулер жөнінде өткен айда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «жолдауында» да айтқан.

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қалаларында әйелдердің зейнет жасын төмендетуді талап еткен наразылық акциялары өткен. Жиналғандар үкімет пен президентті әйелдерге 58 жасында зейнетке шығуға мүмкіндік беруге, зейнет жасын ұлғайтпауға үндеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM