Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Парламентке Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесті өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы түсті

KAZAKBOL.COM

Парламентке Қазақстанның тұңғыш әрі әзірге жалғыз президентіне Қауіпсіздік Кеңесті өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы келіп түсті. Онда Қауіпсіздік Кеңестің мәртебесін конституциялық орган ретінде өзгертуді ұсынады.

Заң жобасы қабылданған жағдайда Қауіпсіздік Кеңес елдегі орталық басқару тетігі болып саналады әрі ондағы шешімді атқарушы билік міндетті түрде орындау қажет болады.

Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азия қорының жетекшісі, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева аталған заң жобасы елдегі саяси жүйені өзгертеді деп ойламайды. Оның пікірінше, әскери тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін, Қауіпсіздік Кеңестің құрылымын өзгертуге тура келген. Себебі билік транзиті кезінде, қауіпсіздік мәселесіне аса мән бермек.

«Конституционализмді және демократияны дамыту институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев заң жобасынан биліктің ауысына дайындалуды көреді.

«Билік транзиті кезінде кім өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Егер келесі президент кезінде елде «форс-мажор» басталса, онда елбасы Қауіпсіздік кеңес арқылы жағдайды бақылауға алуы мүмкін»,- деп есептейді Мереке Ғабдуалиев.

2017 жылы Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ол парламент пен үкіметтің рөлін күшейтуге бағытталған. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы конституциялық реформаны билікті бөліп алуға шектеу қою деп баға берген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM