Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінен тапанша табылды

KAZAKBOL.COM

Жастар көлдің түбінен тіпті радиаторлар алып шыққандарын айтуда.

Баянауыл су айдындарында табылған ерекше олжа туралы «Жасыл ел» су астындағы жасағының командирі Вячеслав Монахов айтып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жасыбай көлінің түбіндегі тапаншаны Вячеславтың өзі тауып алған. Оның айтуынша, қару жағадан 10-12 метр қашықтықта жатқан. — Оттегі бар баллон болмаған кездері көлдің жағалауға жақын аумақтағы түбін зерттейміз, — дейді ол.
– Шамамен алты метр тереңдікте металл затты көзім шолып қалды. Сөйтсе, оқ салатын қорабы жоқ тапанша екен. Сарбаздың айтуынша, судың түбінде нақты қандай жауынгерлік пе әлде ойыншық, пневматикалық қару жатқанын айта алмайды. Дегенмен металлдан жасалған қару әдеттегі пластмасса ойыншықтан әлдеқайда ауыр.
Олар тапаншаны полицейлерге тапсырды. Жастар көлдің түбінен тіпті радиаторлар алып шыққандарын айтуда. Мәселен, жуырда ғана сегіз секциядан тұратын шойын батарей тауып алған сарбаздар оның судың түбіне қалай түскеніне таң қалуда.
— Бұл жолы біз диаметрі үлкен және ұзындығы екі метр болатын құбыр тауып алдық. Сонымен қатар зәкірге ұқсайтын үлкен шынжыр шықты. Өкінішке орай, оның барлығын срытқа алып шығуға күшіміз жетпеді, — дейді Вячеслав Монахов.
Айта кетейік, бес сарбаздан тұратын «Жасыл ел» су асты жасағы Баянауылда жаздың соңына дейін жұмыс істейді.
Томирис Бекжан
Фото: Әділ Әскеров
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM