Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодар облысының жастары үнділердің діни мерекесін дүркіретіп атап өтпек

KAZAKBOL.COM

Павлодар облысы Ақсу қаласында 200-ге жуық адам қатысатын «Холи фестивалі» өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шараны ұйымдастырып отырған Ақсу қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығы агенттікке мәлім еткендей, аталмыш мереке облыста алғашқы рет өткізіледі.

«Холи мерекесі Үндістанда тойланатын ең танымал мерекелердің бірі. Көбінесе оны «Бояулар мерекесі» деп атайды. Ол барлық қатысушының көңіл күйін көтереді. Фестивальға Алматы қаласынан 14 келі арнайы бояу әкелінді. Біздің облыста осындай бояу жоқ екен. Ол құрғақ және тез жуылып, киімде дақ қалдырмайды. Жалпы жеті түсті бояу болады. Фестивальға қатысқысы келетіндер ақ жейде киіп келуі керек», — деді жастар орталығының басшысы Еркебұлан Күнтуған.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда өткізілген Холи мерекесі көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Беттеріне бояу жаққан алматылық жастар үнділердің өнерін насихаттағаны үшін ұятқа қалған.

Жалпы, Холли мерекесінің шығу тарихы әртүрлі. Үндістанда мұны негізінен Кришнамен байланыстырады. Сондай-ақ, Бангладеште сикхизм мен джайнизмге сенушілер де мұны өз мерекелері санайды.  Соңғы кезде бұл мереке Ресей мен Украинада да жиі тойлана бастады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM