Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Павлодар облысында балалар отырған микроавтобус өртенді. Ешкім зардап шекпеген

KAZAKBOL.COM

Павлодар облысында трассада оқушылар мінген микроавтобус өртенді. Ақпаратқа қарағанда, салонда алты бала болған. Ешкім зардап шекпеген. Бұл жөнінде Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Оқиға 23 желтоқсанда Павлодар облысында Ефремовка мен Даниловка ауылдарын жалғайтын трассада болған. Аймақтың білім басқармасының мәліметінше, өрт шыққан кезде микроавтобуста алты оқушы мен жетекшісі және бір жүргізуші болған. Олар автобустан бірден шығып үлгерген. Артынша оқушылар үйлеріне жеткізілген. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға кезінде жетекші жүргізуші жанында болған, сол себепті балалар өздері есікті ашып, секіріп кеткен.

Интернетте жарияланған видеода автобустың жанып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар келгеннен кейін өрт сөндірілген. Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, автобустың электр сымдарынан от тұтанып, өртке ұласқан.

«Алдын ала ақпарат бойынша, салонның пеш жағындағы электр сымдарынан от шыққан. 16 желтоқсанда техникалық қызмет ету станциясында автобустың пеші ауыстырылған» деп жазды білім басқармасының ақпаратына сүйенген Pavon.kz сайты.

9 желтоқсанда Ақтау қаласында ондаған бала отырған автобус өртенген. Ешкім зардап шекпеген. Балаларды автобустан түсіруге жолаушылар көмектескен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM