Балақай. Көрнекі фото: pavlodarnews.kz
Ертіс аудандық соты тоғыз жасар баланың туу туралы куәлігінен әкесінің аты-жөнін алып тастау ісін қарастырды. Ажырасқаннан кейін алты жыл өткенде ұлының өзіне ұқсамай қалғанын байқаған ер адам сотқа жүгініпті. Оның бұлай істеуіне бұрынғы әйелінің көңілдесін жақсы танитыны себеп болған.
Үш жыл бойы ұлын өзі тәрбиелеп отырған азамат оның әйелінің көңілдесінен айнымай бара жатқанын ұғады. Сотта әйел ұлының өзге ер азаматтан екенін растаған. Сол себепті, сот генетикалық сараптама жасамай-ақ, шешім шығарды.
«Сот ер адамның талабын қанағаттандырды. Ал ұлдың анасы барлық сот шығындарын төлеуге міндеттелді», — дейді соттың бапасөз хатшысы Айгерім Сүлейменова.
KAZAKBOL.COM