Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодар тұрғыны әйелінің көңілдесіне тартып кеткен ұлын мойындамай қойды

KAZAKBOL.COM

Балақай. Көрнекі фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда ер адам өз ұлына әке болудан сот арқылы бас тартты. Бұған ұлының әйелінің көңілдесінен айнымай қалғаны себеп болған деп хабарлайды pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Ертіс аудандық соты тоғыз жасар баланың туу туралы куәлігінен әкесінің аты-жөнін алып тастау ісін қарастырды. Ажырасқаннан кейін алты жыл өткенде ұлының өзіне ұқсамай қалғанын байқаған ер адам сотқа жүгініпті. Оның бұлай істеуіне бұрынғы әйелінің көңілдесін жақсы танитыны себеп болған.

Үш жыл бойы ұлын өзі тәрбиелеп отырған азамат оның әйелінің көңілдесінен айнымай бара жатқанын ұғады. Сотта әйел ұлының өзге ер азаматтан екенін растаған. Сол себепті, сот генетикалық сараптама жасамай-ақ, шешім шығарды.

«Сот ер адамның талабын қанағаттандырды. Ал ұлдың анасы барлық сот шығындарын төлеуге міндеттелді», — дейді соттың бапасөз хатшысы Айгерім Сүлейменова.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM