Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Павлодарда екі бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

KAZAKBOL.COM

жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештерден ақау кетуі салдарынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шықты.

Павлодар қаласына іргелес орналасқан Ленин кентінде екі бала ысты газдан зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 9.12-де Надиров көшесінде орналасқан үйде қатты отынмен жылытылатын пештен ақау шыққан. Салдарынан 11 жастағы қыз бала мен 10 жастағы ұл бала жеңіл дәрежеде уланып қалған.

— Қазіргі таңда балалар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Оқиға орнында жеке құрамнан екі қызметкер мен бір техника жұмыс істеді, — деді департаментте.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештерден ақау кетуі салдарынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шығып, жеті адам ысты газдан уланған.

Оның ішінде үш адам қайтыс болды және төртеуі түрлі деңгейде зардап шекті.

Осыған байланысты төтеншеліктер жылыту маусымы аяқталғанға дейін пешті дұрыс орнату және пайдалану бойынша апта сайын рейд өткізуде.

Ақбота Сейсенбаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM