Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ

0 2

Алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе көтеріледі. Ал орлардың балалары балабақшаға бірінші кезекте орналастырады. Бұдан бөлек, заң жобасы қабылданатын болса ұстаздарды өз жұмысынан бөлек шаруаларға жеккендерге 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл қолға алынғалы жатқан шаралардың бір парасы ғана. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еліміздің бас мұғалімі мәжіліс залына кіргенше, төраға жиынды бастағанға дейін  депутаттар оқушылар сияқты абыр-сабыр болып, ананы-мынаны талқылап жатты. Жалпы отырыс бастала салысымен алғашқылардың бірі болып сөз алған Асхат Аймағамбетов, заң жобасы аясындағы жағымды жаңалықтың бірін жеткізді.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
«4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы 2 есеге артады. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көбейеді деген сөз. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе қосымша ақылар.Бұл норма еліміз бойынша 182 сынып жетекшіге және жәптер тексерушіге үстемақы алатын 165 мұғалімге қатысты. + 17 000 теңгені жыл бойы тәжірибелі мұғалімдер, тәлімгерлер алатын болады деп көзделуде.  Магистр атағы бар ұстаздар мектепке келіп жұмыс істейтін болса оларға қосымша 10 АЕК көлемінде ақы көзделіп отыр».

Халықпен кездескен депутаттардың көкейіндегі сауалды министрге қаратып мәжіліс төрағасы қойды. Бұл күнде кейбір қызметі ақылы болып тұрған «kundelik.kz»-тің жұмысына қатысты ата-аналар тарапынан шағым көп екен. Нұрлан Нығматулин Аймағамбетовке тегін қызметтерді арттыру қажет екенін айтты.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Балалардың ата-аналары, педагогтар біздің азаматтарымыз, бізді сайлаушылар. Олардың шағымдарын тыңдап отырмыз. Компаниямен кездесіңіз. Талқылаңыз. Ата-аналар үшін тегін спектрді кеңейту керек шығар. Бұл мәселені естен шығармаңыз. Компания келіспей жатыр ма, нарықта басқалар да бар. Шақырыңыз, шарт жасасыңыз. Нарықта жалғыз сол компания деп ойламаймын. Ата-аналар мен педагогтардың өтінішін ұмытпаңыз».

Аймағамбетов кері байланыс пен балалар күн сайын алатын бағалар туралы ақпарат тегін екенін, алайда аналитика, рейтинг, ұсынымдар мен салыстырулар және мобильді қосымшаны қолдану ақылы екенін айтып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Ақыры ұстаздар жайлы сөз қозғалып жатқасын 30 жылдық жұмыс өтілі бар мамандарды  еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығару мәселесі де көретілді. Бірақ, бұл әзірге шешімі жоқ шаруа екен.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ,  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Мұғалімдерге зейнеткерлікке ерте шығу құқығын берер болсақ зейнетақы жарналары толық көлемде жиналып үлгермейді. Зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне байланысты кепілдендірілген базалық зейнатақы сомасы да өте төмен. Ауыр жұмыс орындарында істейтін шахтерларымыз, басқа да азаматтарымыз осындай мәселені көтеруі мүмкін. Сол себепті қолданыстағы зейнетақыға байланысты бұл мәселе қаралмады».

Елді елең еткізген бастамалардың бірі — ұстаздардың балаларын балабақшаға бірінші кезекте   орналастыру. Заң қабылданса бұл шара іске асады. Сондай-ақ, мұғалімді заңсыз жұмысқа тартқандар жауапкершілік тартылатыны анық болды. Министр Аймағамбетов кінәсі дәлелденсе, шен шепкеніне қарамай жазықтылар жазаға тартылады деп сендірді.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
«Артық жұмысқа тартқаны үшін әртүрлі тұлғаға байланысты. Бұл заңды тұлға болуы мүмкін. Бұл заңды емес басқа тұлға болуы мүмкін. Соған байланысты 20-дан 120 АЕК-ке тиесілі болады. Ол мектеп басшысы, әкімдіктен не облыстық білім басқармасынан болуы мүмкін. Мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйым өкілі болуы мүмкін. Кім болса да осындай шара қолданылады».

«Педагог мәртебесі туралы заң жобасы бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда қаралды. Біраз уақыт бойы талқыға түскен заңға қатысты сын ескертпе де айтылды. Енді Білім және ғылым министрі бастаған жұмыс тобы, екінші оқылымға дейін түзетулер енгізіп, толықтырып депутаттар алдына қайта алып келеді».

Первый канал Евразия

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.