Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Пентагон: Ресей армиясы кем дегенде 1000 танк пен 36 ұшағынан айрылды

KAZAKBOL.COM

Ресей армиясы Украинада «баяу ілгері жылжып келеді», бірақ қазірдің өзінде үлкен шығынға ұшырады. 26 мамырда АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды бір өкілі осылай деп мәлімдеді.

Аты-жөні аталуын қаламаған шенеуніктің болжамына қарағанда, украин жауынгерлері әзірге «қатты қарсылық көрсетіп жатқанымен», Ресей Украина қарулы күштеріне, Донбасстағы түрлі нысандар мен қалаларға ауыр соққы жасап жатыр.

Пентагон өкілі украин армиясының «Харьков төңірегінде әжептәуір нәтижеге жеткенін», Ресей 90 күн бойы бақылауда ұстаған бірқатар аумақты қайтарып алғанын атап өтті.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ресей армиясы соғыс басталғалы бері кем дегенде 1000 танк, 36 ұшақ және 50-ден аса тікұшақтан айрылған, дегенмен оның Украина қарулы күштеріне қарағанда техникасы мен жауынгері әлдейқада көп. Америкалық әскеридің айтуынша, қазір Украинада Ресейдің 110 батальон-тактикалық тобы орналасқан, олар Славянск және Краматорск бағытында әжептәуір ілгері жылжи алды.

Пентагон шенеунігі Ресей қорғаныс министрлігінің 50 жастан асқан ер азаматтарға әскерге баруға рұқсат бергенін де айтты. «Мәскеу майданға қосымша күш тартудың түрлі амалын іздеп жатыр», — деді америкалық шенеунік.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM