Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Песков: мобилизация туралы жарлық басқа да әскери мақсаттар үшін қажет

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, 2022 жылғы қыркүйекте Владимир Путин қол қойған жарлық азаматтарды әскерге қабылдау емес, басқа да әскери мақсаттарды шешу үшін әлі күшін жойған жоқ.

Песковтың айтуынша, мобилизация бойынша әскери қызметке қабылдау аяқталды, бірақ мобилизацияға басқа да мақсаттарды орындау кіреді. «Әскери қызметтегілердің міндеттерді орындау секілді басқа да мақсаттар кіреді. Сол себепті ол әлі күшін жойған жоқ», — деп түсіндірді Песков. Осылайша Кремль мобилизация туралы жарлықтың не себепті күші жойылмағанын алғаш рет түсіндіруге тырысты.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин азаматтарды Украинадағы соғысқа мобилизация басталғанын жариялап, тиісті жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы оны ішінара мобилизация деп атады, алайда жарлықтың негізгі бөлімінде мобилизацияның шектеу межелері көрсетілмеді. 28 қазанда қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Путинге 300 мың адамды әскер қатарына қабылдау мақсаты орындалғанын жеткізді. Дегенмен Путин мобилизация аяқталғаны жөнінде жарлық қабылдаған жоқ. Бұның алдында президент әкімшілігі депутат сауалына мобилизация туралы жарлық күшін жоймағанын растаған.

Қаңтарда айында The Times британ газетінің батыс барлау қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып жазуынша, Ресейде мобилизацияның екінші толқыны жарияланып, бұл жолы жарты миллион азамат әскерге алынуы мүмкін. Бұл туралы Украина әскери барлау қызметі де мәлімдеді. Ресей билігіндегілер, соның ішінде Песков та мобилизацияның екінші толқынына қатысты сауалдарға президент Путин сөзіне сүйену керек деп жауап берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM