Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Петропавлда ұрылар шырт ұйқыдағы зейнеткерді оятып, оны тонауға келгенін айтқан

KAZAKBOL.COM

Ұры. Көрнекі фото

Петропавлда екі нашақор зейнеткер әйелді шырт ұйқыда жатқан жерінен оятып, өздерінің оны тонауға келгенін айтыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ мұны естіп айқайға басқан кемпірдің басынан балғамен ұрып, ақыры үйден сатуға жарайтын дүниелерді алып кетіпті.

Зейнеткердің ұлы таңертең қақпадағы құлыпқа сеніп, үйді жаппай кеткен екен. Осыны көздері шалып қалған сыбайластар қораның үстінен секіріп мініп, аулаға, сосын үйге кірген. Бұрын олардың бірі осы үйдің қожайынына жалданып жұмыс істеген көрінеді.

Олар кемпірдің басынан балғамен бір ұрып, сосын үйдің астаң-кестеңін шығарған. Алтын бұйымдар,  ақша мен азық-түлікті алған олар үйді сыртынан тіреп кетіп қалыпты. Ұрылардың бірі отызда, екіншісі жуырда қырыққа толған. Отбасы мен бала-шағалары  бар.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM