Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ПЛАНШЕТТЕН ПЛАСТИК ПАКЕТКЕ ДЕЙІН…

KAZAKBOL.COM

Президент  келерде ашылып, артынша қайта жабылатын  аты барда, шығарған заты жоқ  елес зауыттарға, жалпы осындай көзбояушылққа көзде үйреніп алды.   Ақтауда жылына 100 мың планшет пен телевизор шығарамыз деп ашылып,   ең болмаса қолдарынан бір монитор жасап шығару келмеген зауыт,   енді бүкіл әлем бас тартып жатқан пластик пакеттер өндірісін қолға алмақ! Дегенмен тендерді ұтып алған компанияның  басшысы екі рет қылмыстық жазаға тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақтаудағы планшет өндіретін зауыт сол күйі іске қосылмай кетті. Компания жыл сайын 68 мың планшет, 40 мың теледидар және 43 мыңнан астам монитор өндіруі тиіс болған. Зауыттың жұмысы тұралағанымен, оның айналасында қылмыстық істер қарқын алды. 2013 жылы қаржы полициясы бюджеттен миллиондаған қаржы жымқырылғанын анықтады. Мемлекетке 200 миллион теңге көлемінде шығын келген. Зауыт жетекшілері мен әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорын басшылары сот залынан табылды. Өткен жылға дейін кәсіпорынды Нұрлыбай Аққұлов есімді азамат басқарып келген. Зауыттың жұмысын жандандыра алмаған ол, есесіне қазір облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

СЕРІКБАЙ ТҰРЫМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Нұрлыбай Аққұлов, Мен Ақтау қаласында әкім болып қызмет жасадым. Сол кезде ол кісі менің қарамағымда қызмет жасаған. Орынбасар болып. Бұл азаматты былай айтқанда, өңірдің құрылыс саласын, сосын коммналдық саласын жақсы білетін маман ретінде танимын. Сондықтан ол кісіні осындай жұмысқа шақырдым. Қазір берілген тапсырмаларды орындап жатыр. Өңірдің барлық құрылыс саласын, коммуналдық саланы жақсы білетін маман деп бағалаймын».

Өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация зауытты кейіннен сатылымға шығарып, тендер өткізген. Нәтижесінде сол өңірдегі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жеңімпаз деп танылады. Жергілікті кәсіпкерлердің сөзінше, мәміле шарттары құпия күйде қалған. Есесіне, жеңімпаз фирма директорының есімі күллі Қазақстанға белгілі. Ашық дерек көздерінде Арыстан Боранов 2013 жылы Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы болып жүргенде өз әріптесін өлтіріп, 8 жылға сотталғаны жазылған. Кейіннен ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде тағы да жауапқа тартылған болатын. Алайда істі болған 8 азаматтың ішінен жалғыз өзі ақталып шығыпты.

СЕРІКБАЙ ТҰРЫМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Әлеметтік кәсіпкерлік кәсіпорын оның жұмыстарының барлығы өте құпия болуға тиісті емес. Біздің мекемеміз қандай да бір шешім алатын болса, ол біздің арнайы білгіленген комиссиямыз бар. Сондықтан ол жерде кеткен заңдылықтар болса, онда тиісті тексеру тергеу орындары анықтасын».

Бюджет қаражатына салынған зауытты Боранов қашан және қандай жолмен сатып алатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, олар планшетті қойып енді күллі әлем бас тартқан пластик пакеттерді шығармақ.

СЕРІКБАЙ ТҰРЫМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Бұл жоба бойынша, меніңше бұл пластик пакет болмау керек. Ол жанағы соңғы кездерді біз пайдаланып жүрміз. Пластикке жақын. Үлкен мешоктар. Оның ішінде цемент салынады. Үлкен қап дейміз ғой, қазақша айтқанда».

Облыс әкімінің сөзінше, аталған жоба еркін экономикалық аймақ аясында қолдау тауып отыр екен. Әуелден көсегесі көгермеген зауыттың жұмысы қандай жолмен қарқын алатынын уақыт көрсетеді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM