«PlayStation5» ойын құрылғысын бір күнге жалға алып, ломбардқа өткізген
«PlayStation5» ойын құрылғысын бір күнге жалға беремін», деп айырылып қалды. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алған. 2023 жылдың 18-ақпанында, Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған.
Ол арызында, бейтаныс тұлға өзіне тиесілі «PlayStion 5» ойын қондырғысын бір күнге жалға алып, алайда тәулік өткеннен кейін, затты қайтармай не оның құнын төлемей алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Келтірілген шығын көлемі – 400 000 (төрт жүз мың) теңге. Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті азамат аталған ойын құрылғысын ломбардқа өткізіп жіберген. Түскен қаржыны толықтай бас пайдасына жаратып үлгеріпті. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
KAZAKBOL.COM